Талдықорғанда екі жаңа балабақша мен 300 балаға арналған мектеп ашылады (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда қалалық мәслихаттың кезекті 52-ші сессиясы болып өтті. Халық қалаулыларының алдында облыс орталығының бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңдегі даму болашағы мәселелерімен қала әкімі Ермек Алпысов бөлісті.
None
None

Қала әкімінің атап өтуінше, есептік кезең бойынша шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеп жүрген адамдардың саны 19,6 пайызға өсіп, 25 мың адамды құраған, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің көлемі, бюджетке салынған төлемдер артты. Бөлшекті тауар айналымының көлемі 15,3 млрд. теңгені құраған. Шағын және орта бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны 38,6 пайызға өскен. Қаржыландыру көздері арқылы қала экономикасына 20,5 млрд. теңге тартылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 5,6 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік мәселелер де қадағалануда - тұрғындар балабақшалар және мектептермен қамтылуда. Атап айтқанда, қала әкімі жаңа оқу жылында Еркін ауылында шағын орталығы бар 300 оқушыға арналған мектеп ашылатынын жеткізді. Сондай-ақ қалада тағы екі балабақша мен басқа да әлеуметтік нысандар ашылады.

Қала басшысының баяндамасын тыңдаған депутаттар қала өмір тіршілігіне қатысты бірқатар сұрақтар қойып, оларға жауап алған соң, әкімнің жұмысына қанағаттанарлық бағасын берді.

Соңғы жаңалықтар