Талдықорғанда ер кісі әйелді көсеумен ұрып өлтірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қазан. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы үйлердің бірінде ұрып өлтірілген 38 жастағы әйелдің мүрдесі табылды.
None
None

Талдықорған полицейлері қылмысты жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Алдын ала тергеу барысында анық болғандай, жәбірленушіні онымен тұратын ер адамның көз алдында өздеріне қонаққа келген ашынған досы көсеумен ұрып өлтіргені анықталды.

Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, үстел басында отырған әйел екеуінің арасында ұрыс туындады. Осыдан кейін ішімдікке тойған ер адам әйелді қолына түскен көсеумен ұрып-соға бастаған.

Ол адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар