Талдықорғанда қалалық автобус жол-көлік апатына ұшырады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 09:36 102 кезекшісіне «Қаратал» шағын ауданында қоғамдық көліктің жол-көлік апатына ұшырауы жөнінде хабар келіп түсті.
None
None

Оқиға орнына шыққан қалалық ІІБ қызметкерлері №8 бағытында жүрген автобус жүргізушісі, оны озып алға шықпақ болған өзге автомобильмен соқтығыспау үшін рөлді оңға бұруға мәжбүр болды. Салдарынан автобус алдымен жарықтандыру бағанын соғып, кейін жыраға түсіп кетті.

Оқиға орын алған кезде автобуста 4 жолаушы мен жүргізуші болған. Жапа шеккендер жоқ.

Қазір Талдықорған қ. ІІБ тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жол-көлік апатының тууына себепкер болған жүргізуші іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар