17:57, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Талдықорғанда медицина қызметкерлері үшін тұрғын үй пайдалануға беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсанда Талдықорған қаласында медицина қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, облыста медициналық кадрлардың тапшылығы сақталуда, яғни бүгінде 205 дәрігер жетіспейді. Осы проблеманы шешу үшін әкім гранты бойынша еліміздің жоғары оқу орындарында 82 студент оқытылуда. Жалпы облыс бойынша еліміздің он үздік оқу орнында 365 студент білім алуда. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық жерлерге 139 дәрігер бағытталған.