Талдықорғанда мемқызметкерлер арасындағы V жазғы облыстық спартакиада мәреге жетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 қазан. ҚазАқпарат - Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткен V жазғы облыстық спартакиада аяқталды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, бұл ауқымды шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық басқармасы мен облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Жарыс қатысушылары - қалалар әкімдіктері мен Жетісу аудандарының құрамалары және құқық қорғау органдарының командалары.

Спартакиаданың бағдарламасына сәйкес 3 күннің ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеке-командалық есепте волейбол, тоғызқұмалақ, тастаяқ, баскетбол, шағын футбол, шахмат және үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен жарысты.

Мемлекеттік қызметкерлердің арасында спартакиаданың чемпионы атағы 634 ұпай жинаған облыстық әкімдіктің құрамасына берілді. Сайыста 486 ұпай жинаған Талдықорған қаласының командасы екінші орынға тұрақтады. Қарасай ауданының әкімдігі 456 ұпаймен үшінші орынды иеленді.

Кешенді сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар