Талдықорғанда мемлекетаралық іздестірілуде жүрген ер адам ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қазан. ҚазАқпарат - Ұсталған ер адам Қазақстанның азаматы болып табылады және Краснодар өлкесінің аумағында РФ ҚК-нің 158 бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталуда.
None
None

Белгілі болғандай, бірнеше жыл бойы көрші мемлекеттің аумағында болған ер адам 2007 жылдың желтоқсан айында ұрлық жасап, кейін Қазақстанда бой тасалап жүрген.

Күдікті ресейлік әріптестер жіберген жедел нұсқама бойынша ұсталды. Қазіргі уақытта ол Талдықорғанда, Минск конвенциясына сәйкес сот шешімін күтуде, одан ешқайда кетпеу жайлы қолхат алынды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум