13:23, 11 Маусым 2018 | GMT +5
Талдықорғанда менингитпен ауруханаға түскен науқастың беті бері қарады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада бір апта бойы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан науқастың беті бері қарады. Бүгін Көксу ауданының тұрғынын қалалық инфекциялық ауруханаға ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менингокок жұқпасы бар деген күдікпен түскен науқастың беті бері қарады. 54 жастағы азаматтан аталған ауру анықталмады», - деп мәлім етті қалалық көпсалалы аурухананың дәрігері.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында менингококтық инфекциядан 4 адам көз жұмды. Оның ең кішкентайы - 2 жасар қыз бала болатын.