Талдықорғанда өтіп жатқан алтыншы турда «Конденсат» екі бірдей жеңіске қол жеткізді

ОРАЛ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Талдықорған қаласында өтіп жатқан волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасындағы ХІХ ҚР біріншілігінің қорытынды,
None
None

алтыншы турында Оралдың «Конденсаты» сәтті өнер көрсетуде.

26 сәуір күні беташар матчта Оралдың «Конденсаты» ел чемпионы «Алматыны» 3:1 есебімен ұтса, кеше тағы бір мықты команда «Атырауды» дәл осындай есеппен тізе бүктірді. Бұл оралдықтардың турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бес турдан кейін алматылықтар 47 ұпаймен жекедара көш бастаса, Хромтаудың «ТНК Казхром» командасында 44, үшінші орындағы Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысының» есебінде 39 ұпай бар. «Атырау» 33 ұпаймен төртінші, Петропавлдың «Есілі» мен оралдықтар 31 ұпаймен бесінші, алтыншы орында келеді.

Соңғы тур 1 мамырда мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар