20:30, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Талдықорғанда полицейлер гараждың ішінен ер адам мен әйелдің мәйіттерін тапты
ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Талдықорғанда полицейлер қала аулаларының бірінде орналасқан гаражда, тұраққа қойылған «Ауди-100» көлігінен ер адам мен әйелдің мәйіттерін тапты.

Олардың денелерінде қандай да бір зорлықпен өлтірілу белгілері жоқ.
Марқұмдардың аты-жөнін анықтау кезінде мәлім болғандай, екеуі де жергілікті тұрғындар. Алдын ала болжам бойынша, олар көліктен шыққан ысты газдан уланған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізілуде.
Сот сараптамасының нәтижесі бойынша өлімнің криминалдық сипаты болса, полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғайды. Бұл факті бойынша қосымша тексеру амалдары жалғасуда.