17:13, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Талдықорғанда сауда жасайтын киіз үйлер жұмысқа кірісті
ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін облыс орталығында қымыз, шұбат және өзге де қазақтың жеңсік астары сатылатын киіз үйлер жұмыс жасай бастады.

«Қымызхана» мен «Сыбаға» тұрақты сауда нүктелерін ашу идеясы Алматы облысының бұрынғы әкімі Серік Үмбетовке тиесілі. Ұлттық дәстүрлерді және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ол аудандық әкімдіктерге облыс орталығына осы секілді киіз үйлер тігуді тапсырған еді. Енді Талдықорғанның кез-келген тұрғыны өз ықшам ауданында таң ертеңнен бастап ұлттық сүт өнімдері мен тағамдарын сатып ала алады.
Талдықорғанда жаз бойына осындай 19 тұрақты киіз үй -сауда орындары жұмыс жасайтын болады.