Талдықорғанда төрт жасар сәбиді кепілдікте ұстап, анасынан ақша талап еткен

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Текелілік төрт жасар Наираны Талдықорғанда кепілдікте  ұстап, оның анасынан баланы қайтару үшін 35 мың теңге талап етті.
None
None

Қылмыскер әйелді анықтаған кезде, ол өзін бұл сәбидің бағушысы ретінде таныстырды, ал өзінің бұл әрекетін оған тиісті жалақы төленбеген соң оған мәжбүрлі түрде жасағанын түсіндірді, деп жазады бүгін   «Экспресс К» газеті(Лариса Штоппель, № 213 (17571), 15.11.2012).

Бопсалаушыға ақша беру сәті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің ашық бақылауында өтті. Кішкентай сәби кетерде Роза тәтесін сүйіп қоштасты.

«Ақшаны бопсалап алушылық және қыз баланы заңсыз ұстау фактісі расталды», - дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахмет.

Соңғы жаңалықтар