Талдықорғанда «Жылдың таңдаулы мұғалімі» анықталды

Бірінші кезең облыстың ауылдық және қалалық мектептерінде осы жылғы наурыз айында өткен болатын. Екінші кезең сәуірде өтті. Шығармашыл жарыстың қорытынды кезеңі облыс орталығында аяқталды.
Бұл сайыстардың мақсаты - шығармашыл жұмыс істейтін сынып жетекшілерін анықтау, олардың тәрбие жұмыстарының сапасын бағалау, педагогикада және сынып жетекшілігінде жаңашылдықты, олардың жаңа технологияларды қолдануын бағалау болды.
Қазылар алқасының пікірінше, конкурс алдына қойған мақсатын орындады. Аудандар өкілдері өз оқу орындарының атағын абыроймен қорғады. Мұғалімдер тәрбие жұмысының сценарийлерін, бейнематериалдарды, авторлық бағдарламаларын ұсынды және оларды іске асыру жолдарын қорғады.
Жеңімпаздардың есімдері олардың кәсіби мерекесі - Мұғалім күніне орай салтанатта жарияланды.