10:07, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
Талдықорғандағы «Ащыбұлақ» және «Алмалы» су қоймаларының техникалық жағдайы қанағаттанарлық
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Ауа температурасының көтерілуі мен тасқын жағдайының қаупіне байланысты Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы «Ащыбұлақ» және «Алмалы» су қоймаларының техникалық жағдайын тексерді.

Су қоймасының екеуі де Талдықорғанда орналасқан. Судың жалпы көлемі - 10 млн. текше метр. Жағдай қиындаса, қала маңындағы «Ащыбұлақ» және «Алмалы» саяжай бірлестіктері, Көктал шағынауданының бөлігі, бұрынғы шаруашылықтың бірінші бөлімшесін су басып қалуы ықтимал.
Рейд көрсетіп өткендей, су қоймаларының техникалық қызметкерлері жұмысқа дайын. Гидроқұрылыстар электрлендірілген, тұрақты телефон байланысы, оқыс жағдай болса - техника бар. Су деңгейі үнемі бақыланып отырады.