14:39, 07 Мамыр 2011 | GMT +5
Талдықорғандағы Даңқ ескерткішінің жанында әскери марш өтіп жатыр
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін, жетінші мамыр күні облыс орталығында әскери марш өтіп жатыр.

Қала азаматтарының алдында Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдерінің сарбаздары жүріп өтті. Талдықорған гарнизонының бастығы Айдан Кәбденов әскерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Облыс орталығы халқының атынан Талдықорған қаласының әкімі Махаббат Бикелдиев жауынгерлерді құттықтай отыра, оларға борыштарын ойдағыдай атқарып, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге үйретуде үлес қосуға шақырды.
Отан қорғаушылар күнін мерекелеу Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жалғасын тапты.