Талдықорғандық 150 бала Балқашта демалды (ФОТО)

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаевтың сөзіне қарағанда, бұл бір күндік демалысқа Балқаш көліне жіберілген 150 баладан тұратын екінші топ.
Бұл жолғы топтың ерекшелігі - мұнда теріс қылығы үшін мектеп есебінде тұрған 20 жасөспірім бар. «Бұл жеткіншектердің өз әрекеті жөнінде ойлануы үшін жасалған шара. Әрине, бір шарамен шектелуге болмайды. Алдағы уақытта да ұйымдастырамыз. Қалалық әкімдік шараны мектеп, ардагерлер кеңесі және ювеналды полициямен бірлесіп ұйымдастырды», - деді қала әкімінің орынбасары. Балалармен бірге 20 көпбалалы ана бір күндік демалысқа жолдама алды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қолға алынды. Автоколоннамен полицейлер ере жүрді, Сарқан аудандық ТЖБ суда құтқару қызметінің жұмысы күшейтілді. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жақын арада осындай демалу үшін тағы бір балалар тобы құрылады.