Талдықорғанның «Жедел қамқорлық» медицина қызметкерлерінің тобы Қызылағаш ауылына келді
Барлығы 14 маман, оның ішінде хирург, травматолог, терапевт, жұқпалы аурулар дәрігері, гинеколог, көз дәрігері, жүрек дәрігері, балалар дәрігері, тіс дәрігерлері күні бойы ауыл тұрғындарына кәсіби көмек көрсетті.
Бір күн ішінде ауылдық емхананың медицина бикелері 300 қызылағаштықтарға жеке емханалық кітапшалар берді. Күннің екінші жартысында дәрігерлер «жедел жәрдем» көліктерімен жеткізілген Ақтоған, Егінсу, Көлтабан ауылының зардап шеккен тұрғындарын тексеруден өткізді.
Акция Алматы облысының Азаматтық альянсі бастамасымен өтіп отыр. «Біз де үлес қосып отырған «Біз - бір командамыз» - бұл тамаша бастама. Бүгін медицина қызметкерлері қосылды, ертең олардан үлгі алған басқа мамандықтардың жүздеген қызметкерлері қосылады. ҮЕҰ ретінде біз үшін жақсылық жасау маңызды, адамдар бізді біліп, біздің мақсатымыз - әсіресе, осындай жағдайларда, оларды қолдап, қорғап, көмектесу екенін білсін! Біз барлығымыз - бір командамыз!», - дейді Алматы облысы Азаматтық альянсінің президенті Людмила Ким.