Талғар қаласы әкімінің міндетін атқарушы пара алды деген күдікпен ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысының қаржы полицейлері Талғар қаласы әкімінің міндетін атқарушы шенеунікті қызметтік кабинетінде кәсіпкер әйелден 850 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады.
None
None

Облыстық прокуратурадан мәлім еткендей, қала басшысы бұл соманы әйелден сауда нысанын салуға жер учаскесін бөлу үшін сұраған.

Онымен қоса, тінту барысында Талғар қаласы әкімінің міндетін атқарушыдан аталмыш кәсіпкер бұған дейін табыстаған ақша қаражаты табылды. Алынған ақшаның жалпы сомасы 1 миллион теңгені құрады.

Бүгінгі таңда тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар