11:19, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Талғар өзенінде 47 жастағы ер адам суға кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысында Талғар өзеніне байқаусызда 47 жастағы ер адам батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 20 қыркүйекте сағат 12.00-де Талғар ауданында болды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 47 жастағы ер адам өзенге құлап, батып кеткен.