16:15, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Таллин қаласында Қазақстан мен Эстония Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтті
АСТАНА. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат - Мамырдың 28-29-да Таллин қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Эстония Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасында консультациялар өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Литвадағы елшілікке сілтеме жасап.Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рапіл Жошыбаев, ал Эстония делегациясын Эстония Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Мартен Кокк басқарды.Тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады, және Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы қарсаңында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстан-Эстония қарым-қатынасының серпінді дамуына, екіжақты байланыстардың тереңдеуіне ықпал етуде және туындайтын мәселелерді шешуде конструктивті келісу қажеттігін атап өтті. Кездесуде ынтымақтастықтың келісім-құқықтық базасын жетілдіру жайы да айтылды.Эстон тарапы, экономикалық әрекеттесудің серпінді дамуы үшін сауда-экономикалық ынтымақтастық Үкіметаралық Қазақстан-Эстония комиссиясын құру керектігін атап өтіп, 2009 жылдың қыркүйек айында Эстония Премьер-Министрі Андрус Ансиптың Қазақстанға болатын сапары кезінде осы мәселе бойынша тиісті келісімді бекітуді ұсынды.Сапар барысында ҚР СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаев Эстония сыртқы саясат ведомствосының басшысы Урмас Паэтпен кездесті. Өз кезегінде Эстон министрі Қазақстанның 2009 жылғы мамыр айының 19-нан бастап Эстония азаматтарына визалық жеңілдіктер орнатқаны, және көші-қон полиция органдарында тіркеуден босатқаны туралы шешімдерін қолдай отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарына виза беруде жеңілдетілген рәсімдерді енгізу үшін қабылданып жатқан іс-шаралар туралы хабардар етті.