15:08, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Таллиннде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
ТАЛЛИНН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Кадриорк сарайында Эстония Республикасына мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алудың ресми рәсімі өтіп жатыр.
Президенттер Н.Назарбаев пен Т.Ильвес бірге суретке түсіп, сыйлықтар алмасты. Н.Назарбаев Құрметті қонақтар кітабына өз қолтаңбасын қалдырды.
Осыдан кейін Н.Назарбаев пен Т.Ильвестің шағын құрамдағы кездесуі өтіп, оның соңында кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіледі. Олардың нәтижелері бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Одан кейін мемлекет басшылары баспасөз мәслихатын өткізеді деп күтілуде.