Тамыз айында Қазақстанға Таиланд Корольдігінің Премьер-Министрі келеді

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы тамызда Қазақстанға Таиланд Корольдігінің Премьер-Министрі сапармен келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордадағы брифингте аталған елдің Елшісі Чарна Жулламон мәлім етті.

«Біздің Премьер-Министр Қазақстанға тамыз айында келуді жоспарлап отыр»,-деп атап өтті Төтенше және Өкілетті Елші.

Айта кетейік, бүгін Ақордада бұл елдің Елшісі Нұрсұлтан Назарбаевқа Сенім грамотасын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар