Тамыз айында «Тұтынушылардың сезіну индексі» өзгеріссіз қалып, (+16) пайызды құрады

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Тұтынушылардың сезіну индексі» 2010 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда өзгерген жоқ, (+16)% құрады. Статистика агенттігінің хабарлауынша,
None
None

2010 жылғы тамызда респонденттердің 28 пайызы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтсе, сонымен бір мезгілде сұралған респонденттердің 15 пайызы жағдайдың нашарлағанын хабарлады.

Ал «Экономикалық ахуал индексі» 1 пайыздық тармаққа кеміп, (+19) пайызды құрады. Бұл ретте, респонденттердің 32 пайызы алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсаратынын күтеді, ал 13 пайызы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептейді екен.

Сонымен бірге, «Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, (+14) пайызды құраған. Сауалнамаға қатысқандардың 31 пайызы 2010 жылғы тамызда жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын және тиісінше, өткен аймен салыстырғанда ұзақ пайдаланатын тауарларға сұраныстың өскені туралы хабарлады. Сонымен бірге, олардың 16 пайызы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өткен.

Бұдан бөлек, сауалнамаға қатысқандардың 7 пайызы еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады деген пікір білдірсе, сұралғандардың 3 пайызы оған қарама-қарсы пікірді ұстанады. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай қорланым сомасының өсу мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 14 пайызы атап өтсе, ал 17 пайызы оның кемитінін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұтынушылардың сезіну индексі» - сауалнамаға жауап берген респонденттердің ел экономикасында соңғы 12 ай ішінде болған өзгерістер туралы өзіндік пікірін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар