Тамыз айында жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрады - Статистика

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылғы тамыз айында еліміздің экономикасында 8,2 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 249,5 мың адамға немесе 3,1 пайызға көбейген.
None
None

Статистика агенттігінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, есепті кезеңде жалдамалы қызметкерлердің саны 5,4 млн. адамды құраған. Бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 66,3 пайызын білдіреді. Сонымен бірге, ағымдағы жылғы тамызда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 496,7 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2010 жылғы тамыз айының соңына 70,3 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8 пайызын құрады. 2009 жылдың тамызында бұл көрсеткіш -1,1 пайызды құраған болатын.

Сонымен қатар, Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылғы тамызда жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4 пайызын құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар