Тамыздың 29-ы - Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болады

1991 жылы тамыздың 29-ында Қазақстан Президентінің Жарлығымен Семей сынақ полигоны ресми жабылған болатын. Бұл қадам біздің республикамыздың әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдардың бірінен бас тарту үдерісінің бастамасы болды.
Мақұлданған қарарға сәйкес, БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымға мүше мемлекеттер мен БҰҰ жүйесін, жалпы азаматтық қоғамды, ғылыми топтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын осынау халықаралық күнді лайықты деңгейде атап өтуге шақырды. Құжатта халықты ядролық жарылыстардың салдарлары туралы белсенді және кеңінен хабардар етудің қажеттілігі атап көрсетілді.
26 мемлекет қарардың тең авторлары атанып отыр, олардың қатарында Армения, Беларус, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Сауд Арабстаны, Тәжікстан, Түрікменстан және Жапония елдері бар. Қарардың бірауыздан қабылдануы Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік пен жаппай қырып-жоятын қару-жарақты таратпау үлесіне қосқан айтулы үлесінің халықаралық деңгейде танылуының айғағы болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясының бас комитеттерінің қарарлары ағымдағы сессияның негізгі бөлімінің соңына дейін пленарлық мәжілісте мақұлдануы керек.