«Таң Шолпан 2009» фестивалінің бас жүлдесін шымкенттік «Балдәурен» ансамблі жеңіп алды

ПАВЛОДАР. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда өткен «Таң Шолпан 2009» республикалық фестивалі гала-концертпен аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Барлық облыстағы балалар үйлерінен келген 17 үздік көркемөнерпаз ұжымдары үш күн бойы би өнерінен жарысты. Бас жүлдені шымкенттік «Балдәурен» ансамблі иеленді. Қазылар алқасы мен көрермендерді тәнті еткен жас бишілерге диплом және компьютер табыс етілді. Бірінші орын Мичурино селосындағы Павлодар облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне берілді. Олар үйлеріне бірінші дәрежелі диплом мен плазмалық теледидар алып кетті. Фестивальдің басты міндеті ? жүлдегерлерді анықтау емес. Хореографиямен айналысатын балалар өз жетістіктерін үлкен сахнада көрсетті, үздік тәжірибелермен алмасты, достар тапты және жақсы демалып қайтты, -дейді Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің төрғасы Жұмажан Жүкенов.
Соңғы жаңалықтар