Таңбаларды тіркеуге қатысты Мадрид келісімінің хаттамасы қабылданды - Парламент

nbsp;Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттаманы ратификациялау туралы» заңы қабылданды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған хаттаманың мақсаты таңбаларды халықаралық тіркеу жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады. Бұл ретте Мадрид келісіміне қосылған елдерге оларға қолайлы шарттарды таңдап алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ережелерді енгізу жолымен осы жүйеге елдердің шектеусіз тобының қосылуы үшін құқықтық кедергілерді жою міндеті шешіледі.

Хаттаманы ратификациялау арқылы бірқатар артықшылықтарға қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, бұл ретте халықаралық тіркеу өтінімдерін ұлттық тіркеу өтінімдері негізінде де жасауға мүмкіндік беріледі. Осыған байланысты, конвенциялық басымдықты сақтау рәсімі жеңілдетіледі. Хаттамаға қатысушы мемлекеттер жеке бажды қосымша және қосылған баждың орнына белгілей алады. Бұндай қорғаныс жүйесі көптеген кәсіпорындар, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлер үшін өздерінің тауар таңбаларын көптеген елдерде қорғауына мүмкіндік береді.

Мәліметтерге қарағанда бүгінгі күні Мадрид жүйесіне әлемнің 84 мемлекеті қатысып отыр. Бұның ішіндегі 31 мемлекет Мадрид хаттамасына, 3 мемлекет Мадрид келісіміне қосылса, әлемнің 50 мемлекеті Мадрид келісімін де, оның хаттамасын да қабылдаған.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар