Таныстарын 21 млн. астам теңгеге отырғызған алаяқ әйел сотталды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен Г.Кузнецова ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлігі «б» тармағына сәйкес (аса ірі көлемде жасалған алаяқтық) айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.
None
None

Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, Ақсай қаласында тұрған аталған әйел 2007 жылы ақпаннан қарашаға дейін, 2012 және 2013 жылдары өзінің таныстарынан келісілген мерзімге ірі көлемде ақша алып отырған. Алайда айтқан уақытында қаржыны қайтармаған. Сөйтіп оларға 21 млн. астам теңге залал келтірген.

Соңғы жаңалықтар