«Тараз» ӘКК» басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

ТАРАЗ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - «Тараз» ӘКК»  басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Директорлар кеңесінің шешімі бойынша, атқару органының бұрынғы жетекшісі А.Ноғаевтың өкілдігі оның өз еркімен қызметтен кету туралы өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылды. 28 ақпаннан бастап атқару органының жетекшісі - басқарма төрағасы болып А.Тілеулесов тағайындалды», - делінген баспасөз қыземтінің хабарламасында.

Азамат Нұрланұлы Тілеулесов 1982 жылы дүниеге келген, жоғары білімі бар, Ресейдің  Г.В. Плеханов атындағы экономикалық тәмамдаған (Мәскеу, РФ).

Еңбек жолын 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да бас маман қызметінен бастаған. Сонымен қатар «Самұрық» Холдингі» АҚ стратегия және активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-да бизнес жобалар департаментінің директоры, «Тау-кен компаниясы» ЖШС-де бірлескен дамыту департаментінің директоры, «Инвестиция тиімділігін зерттеу Агенттігі» ЖШС-де директордың орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің штатан тыс кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар