Тараз балалары Ресейдің Қазақстандағы Елшілігінің атынан мың сыйлық алды
Орыс қауымының төрайымы Светлана Чаутинаның айтуынша, Рождество мерекесінде, 7-18 қаңтар аралығындағы Рождестволық мейрам күндері адамдар бір-біріне қуаныш сыйлағысы келеді. «Ата-аналары мүгедек балалар, балалар үйінің түлектері, сондай-ақ орыс қауымының белсенділері тәттілер салынған пакеттер алды», - деп нақтылады ол.
Бұл күндері Таразда орыс қауымының белсенділері мен ерікті көмекшілерінің ұйымдастыруымен театрландырылған шыршалық көріністер өтуде. «Шыршалар мен концерттерді ұйымдастыруда бізге «Буратино» би театры, Тараздың мектептен тыс жұмыс орталығы, «Қызыл қалампыр» ардагерлер хоры, ІІД қызметкерлерінің хоры, орыс халық аспаптарының оркестрі, «Оңтүстік» Аймақтық әскери қолбасшылығының үрлемелі оркестрі көмектесіп отырады», - деп хабарлады орыс қауымынан.