Тараз қаласы әкімдігінің қызметкері жекешелендіруге қатысты жалған келісім құжаттарын жасағаны үшін 5 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандығы үшін сотталды.
None
None

Тараз қаласының прокуратурасымен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қызметкерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасаған дерегі әшкереленді, яғни ол нақты ақшаға жылжымайтын мүлікке меншік құқығы ресімделуге негіз болған жекешелендіру туралы жалған келісімшарт дайындап беріп отырған.

Аталған дерек бойынша Тараз қаласының прокуратурасымен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Г.Тлеповаға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 177 бабының 3 бөлігі «г» тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

№2 Тараз қалалық сотының үкімімен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Г.Тлепова аталған баппен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, баласы 14 жасқа толғанға дейін ҚР ҚК-нің 72 бабына сәйкес жазасын өтеу шегерілді.

Соңғы жаңалықтар