«Тараз-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардан 680 миллион 76 мың теңге түсірді

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен жылдың 1 тоқсанында «Тараз-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардан 680 миллион 76 мың теңге түсірген болса,
None
None

биылғы жылдың үш айында халық қазынасына 900 миллион 556 мың теңге құйды. Өсім 220 миллион 480 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы Жамбыл облыстық кедендік бақылау департаментінен хабарланды.

Департамент мәліметтеріне қарағанда, облысқа келетін автокөлік құралдарын кедендік рәсімдеу жұмыстары жүйелі жолға қойылған.

Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында автокөлік декларациясынан түскен қаржы көлемі - 12 миллион 313 мың 186 теңге болса, ақпан айында бұл көрсеткіш 16 миллион 154 мың 664 теңгеге ұлғайған. Ал, наурыз айында алынған кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 24 миллион 741 мың 577 теңгені құрады. Бұл жеке тұлғалардың өткен жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің №682 Қаулысымен бекітілген жеңілдіктерге сай жеке пайдалануы үшін шет мемлекеттерден әкелінетін автокөлік құралдарынан түскен кедендік баж салығы.

Соңғы жаңалықтар