Тараз мектептерінде бопсалаумен айналысу фактісі бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды

Оның айтуынша, бопсалау және бұзақылық бойынша қозғалған қылмыстық істерге тартылып жатқандардың ішінде кәмелетке толмағандармен қатар кәмелеттік жастан асып кеткен ересек тұлғалар да бар. Қазіргі уақытта 2 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бас прокуратураның бастамасы бойынша Тараз қаласында 2010 жылдың қазан айынан бастап прокуратура, ішкі істер органдары, әкімдіктер мен білім беру мекемелері қызметкерлерінен тұратын 15 «мобильдік топ» құрылған болатын. Топтың жұмысы Тараз қаласының 52 мектебінде білім алатын 53 мың баланы қамтыған.
«Мобильдік топпен» өз жұмысын бастар алдында жасырын анкеталық сауал жүргізілді. Осы сауалдың нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам оқушы мектеп қабырғасында ақша бопсалаумен ұшырасқандарын атап көрсеткен»,-деп атап көрсетті ресми өкіл.
Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша, Ж. Өмірәлиевтін атап көрсеткеніндей, бопсалаудың біршама фактілері, сондай-ақ кейбір мектептерде «бақылаушы» деп аталатын жоғары сынып оқушыларынан бастап ересек қылмыскерлерге барып тірелетін бопсалау жүйесі анықталды.
«Осы кешенді шаралардың нәтижесінде, жуық арада 16 мыңнан астам оқушыға қатысты жүргізілген сауал көрсеткендей, мектептерде қазіргі таңда бопсалау бар ма деген сұраққа Тараз қаласы оқушыларының 35-і ғана бар деп жауап берген, ол 2010 жылдың қазан айымен салыстырғанда 57 есеге аз»,-деді Ж. Өмірәлиев.
«Осы жұмыстың жемісін көре отырып, дәл осындай жұмысты республикамыздың барлық өңірінде жүргізу туралы тапсырма бердік. Ол жұмыс басталып жатыр»,-дейді Бас прокуратураның ресми өкілі.