Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына жаңа ректор тағайындалды

ТАРАЗ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараз мемлекеттік институтына жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Енді жоғары оқу орнын тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Әбдуәлі басқарады.

Педагогикалық жоғары оқу орнының жаңа басшысын ұжымға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков таныстырды, ол бұған дейін осы институттың ректоры болған еді.

Асқар Бегәділұлы Әбдуәлі 1953 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Жамбыл облысының жоғары оқу орындарында жұмыс істеді. 2003 жылы Ясауи атындағы Тараз халықаралық қазақ-түрік университетін басқарды.

Профессор А.Әбдуәлі жүзден астам ғылыми еңбектердің авторы. Жамбыл облысында белсенді қоғам қайраткері ретінде де танымал.

Соңғы жаңалықтар