Тараз соты жол ережесін бұзған қымбат көлік жүргізушілерін бір жылға куәліктерінен айырды

Еске салсақ, Қазнетте наурызда Тараз тас жолында қымбат шетелдік көлік жүргізушілері жол жүру қағидасын өрсекел бұзғаны жайлы видео көпшілікке таралды. Үш Toyota Land Cruiser көлік кавалькадасы, бір-бірден Porsche Cayenne, Lexus LX 570 және BMW X5 Айша бибі көшесі бойынша қарсы жолақта келе жатып, жол талғамайтын көліктер жылдамдықты асырып, қарсы көлікке қауіп тудырып, қарсы жолаққа күрт шығып кетіп отырды.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бұл көлік иелерінің тұратын жерін анықтап, оларды ұстау шараларын жүргізді. Олардың екеуі Жамбыл облысында тіркелген болып шықты.
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оларға қатысты істі қарады.
Джип көлігінің жүргізушілері айыптарын мойындады. Оларға бір жылға жүргізушілік құқықтарынан айыру жазасы тағайындалды.