Тараз-Түймекент автожолында болған ірі жол апатында 4 адам қаза тапты

ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Жамбыл облысының Тараз-Түймекент автожолында ірі жол-көлік апаты болды, 4 адам қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Қайғылы оқиға күре жолдың 23-ші шақырымында сенбіден жексенбіге қараған түні, сағат 4 шамасында орын алды. 2 көліктің (бірі «Мерседес») бетпе-бет соғысуы салдарынан екі машинаның жүргізушісі мен олардың екі жолаушысы тілге келместен жан тәсілім етті. Аман қалған екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар