«Тараз-үдеріс-ІІ» инновациялық жобасы құрыштың өзіндік құнын 40 пайыз қысқартуға мүмкіндік береді

None
None
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті базасында құрышты өңдеудің жаңа инновациялық  жобасы жасалған. Ол бойынша құрыштың өзіндік құнын 40 пайызға дейін төмендетуге болады, деп хабарлады pm.kz сайты.

«Қазақстандағы жүргізіліп жатқан инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдау, еліміздің импортты ауыстыруға  және  республиканың ішкі жалпы өнімі деңгейінің  өсуіне алып келетін шикізат емес бағыттағы өнеркәсіпті құруға бет алғанын көрсетеді», - деп өз пікірін білдірді жоба жасаушы профессор  Сүлеймен Тілеуғабылов.

Құрыш өңдеудің «Тараз-үдеріс-ІІ» деп аталатын  жобасы  металды қатты  көміртегімен тікелей қалпына келтірудің жаңа механизміне негізделген. Аталған механизм құрыш өндіру үдерісінің  үздіксіздігін  қамтамасыз етіп, құрамындағы барлық пайдалы  металдарды сақтап қалады.

Сонымен қатар, «Тараз-үдеріс-ІІ» технологиясы бойынша  құрамы реттелген сапалы құрыш өндірілетіндіктен,  шетелдегілерге  қарағанда, технология жартылай өнім өндірумен ғана шектеліп қоймайды. Үдеріс қолданылып жүрген  демонстрация модулінде сынақтан өткен.

Жоба авторларының ақпарларына қарағанда, технологияны өндірісте қолданудың экономикалық тиімділігі  айқын.

«Инновациялық технология бойынша өндірілетін  құрыш  оның импортты толығымен ауыстыруын  және  ферробалқыма енгізу есебінен сапасы артуын  қамтамасыз етеді. Өнімнің өзіндік құны шихта құрамын реттеу арқылы 380-400 АҚШ доллары деңгейінде болатын болса, нарықтық құны 650-700 долларды құрайды. Жылына 300 тонна құрыш өндірілген жағдайда жылдық  таза пайда  90 млн доллар көлемінде болады», - дейді жоба авторы С.Тілеуғабылов.

«Тараз-үдеріс-ІІ»  технологияларын жүзеге асырудың күтілетін нәтижелері ретінде тәжірибелік-өндірістік агрегаттарды, конструкциялық және инструменталдық құрыштың   өндірістік  тиімділігі 50 %-дан артық деңгейдегі жоғары технологиялық үдерістерді атауға болады.

Әзірлеушінің пікірінше. осының бәрі  үдерістің экономикалық тиімділігінің артуына, капиталдық шығынның бірнеше есе төмендеуіне, ауаға шығарылатын газды 4 есе азайтуға,    қоқыстар мен қалдықтар есебінен металдан айырылып қалуды болдырмауға, құрыштың сапасын арттыра отырып, өзіндік құнын 40-50 пайыз төмендетуге  алып келеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram