11:28, 13 Тамыз 2015 | GMT +5
Таразда «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асырудың мәселелері талқыланды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Мұнда осы бағдарламаның бірқатар нақты міндеттер көзделген «Біртектілік және бірлік» атты төртінші бөлімі талқыланды.
Институционалдық реформалардың басты қадамдарының бірі «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы болып табылады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ербол Нұрғалиев Жамбыл облысы жұртшылығымен кездесуінде осы тармаққа баса ден қойылды.
Өз баяндамасында Ербол Нұрғалиев «Мәңгілік ел» сияқты ірі жобалар аясында Үкіметтік деңгейде қандай шаралар қабылданып жатқанын егжей-тегжейлі айтты.
Бұдан басқа, БАҚ-ты жаңғырту жоспары әзірленуде. Ол дәстүрлі бағытты ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердегі жұмысты, сондай-ақ жаңа бұқара-медиа буынын құруды қамтиды.