Таразда 2012 жылы тұрғын үй-коммуналлық шаруашылық бағдарламасы тоқталды

ТАРАЗ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Таразда 2012 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашлық бағдарламасы тоқтады. Бұл туралы ақпарат бүгін Тараз әкімі Бекболат Орынбековтың қалалық мәслихат депутаттарының алдында есеп беруінде айтылды.
None
None

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың бірінші механизмі бойынша 14 көпқабатты үйдің сметалық құжаттамасы әзірленді. Алайда бағдарламаның жаңа ережелері бойынша жөндеуден өткізу талаптарының біріне орталықтандырылған есеп құрылғылары мен жылу энергиясын қолданудың автоматтандырылған жүйесі болуы тиіс. Ал 14 үйде аталған жүйелер мен құрылғылар орнатылмаған. Осыған байланысты қазіргі кезде «Тараз әлеуметтік-кәсіпкерлік бірлестігі» АҚ аталмыш жұмыстарды қаржыландырудан бас тартуда», - деп түсіндірді Б.Орынбеков.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының екінші механизміне келетін болсақ, қала әкімінің атап өтуінше мұнда 35 көпқабатты үйдің тұрғындарының келісімі алынып, сәйкестендірілген құжаттама әзірленді, «бірақ қаржыландырудағы келіспеушіліктердің салдарынан қазіргі кезде республикалық бюджеттен ақша қаражаттары аударылған жоқ».

Қалалық әкімдіктің мәліметтерінше, қаладағы 1 077 көпқабатты үйдің ішінде 845-і кондоминиум нысандары ретінде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар