08:52, 14 Қазан 2016 | GMT +5
Таразда 220-дан астам параспортшы сынға түсті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз орталық стадионында және «Зербұлақ» ат спорты клубында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орайластырылған спартакиада өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Спартакиадаға тірек-қимыл жүйесі зақымдалған, көру және есту мүшелерінде ақаулары бар 136 спортшы, сонымен қатар Тараздың 87 мүгедек тұрғыны қатысты.
Турнирдің ашылу салтанаты «Тараз» орталық стадионында өтті. 220-дан астам қатысушы спорттың төрт түрі - жеңіл атлетика, арбадағы жарыс, шашки, дартс, ат спорты бойынша мүмкіндіктерін сынады.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.