12:44, 01 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Таразда 3 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 12.13-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 353 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.2, магнитудасы - 5.7. Тереңдігі - 15 шақырым. Жер асты дүмпуінің әсері Таразда сезілді (3 балл).