Таразда 3 банктің банкоматтарынан 18 млн.-нан астам теңге ұрланды

ТАРАЗ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таразда 3 банктің банкоматтары тоналды, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Қарақшылар түнгі уақытта банкоматтар орналасқан «Zepter» ЖШС-нің мекемесіне кіріп, 18,5 млн. теңгені қолды еткен.

«Банкоматтар Тараздың шағынаудандарының біріндегі мекеменің ішінде орналасқан. Қарақшылар өз әрекеттерін қараңғы түнде іске асырған. Дәнекерлеу аппаратын, монтировка мен басқа да құрылғыларды олар қылмыс жасаған орындарында тастап кеткен, 4 банкоматтың 3-уін зақымдаған», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гауһар Сәрсенбаева.

Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, деп хабарлады облыстық ІІД.

Соңғы жаңалықтар