Таразда 30 жыл бұрын басталған құрылыс аяқталды

РАЗ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда 1981 жылы басталған ғимарат құрылысы аяқталды. Сегізқабатты әкімшілік ғимаратының «сақалды» құрылысы қала орталығының көркін бұзып тұр еді.
None
None

«Нысан құрылысын аяқтауға облыстың 2010-2011 жылдардағы бюджетінен 600 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді», - деді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев. Бұған дейін әр жерде кеңсе жалдап, балабақшаға орналасып келген 13 мемлекеттік ұйым енді осы ғимаратқа жайғаспақ.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы ауқымында аймақта 2011 жылы 191 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Нысандарды салуға және жобалық-сметалық құжаттарын жасауға 26,3 млрд.теңге бөлінді.

«Жыл басынан бері 126 700 шаршыметр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,9 пайыз көп», - деп атап өтті облыс басшысы.

Соңғы жаңалықтар