Таразда Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар өтуде

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Таразда Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтуде.
None
None

Мереке «Достық» алаңындағы халық батырының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Қазақтың даңқты қолбасшысы әрі жазушысы Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған шараға мереке қонақтары, облыстағы қоғам өкілдері қатысты.

Қазір Тараз мемлекеттік университетінде «Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өмірі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Б.Момышұлы туралы кітаптар мен суреттердің көрмесі «Баласұғын» орталық концерт залында ұйымдастырылған.

Облыстық драма театрында жас ақындардың «Мен Бауыржанды мақтан тұтамын» атты республикалық байқауы, «Халық батыры - Бауыржан» атты патриоттық әндер байқауы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелісіздігінің 20 жылдығына арналған мүшәйра өтеді.

Кешке облыстық драма театрында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған драмалық шығармалардың республикалық байқауында ең үздік деп танылған театр қойылымының премьерасы болады.

Соңғы жаңалықтар