19:22, 06 Наурыз 2012 | GMT +5
Таразда болған өрттің орнынан ер адамның мәйіті табылды
ТАРАЗ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Тараз қаласының тұрғын үйінде орын алған тілсіз жаудың орнынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметі.

«Тараз қаласының орталық бөлігіндегі Төле би даңғылында 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үй өртенген. Жалынды ауыздықтауға Жамбыл облысы бойынша өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт болған жерде ер адамның мәйіті табылды. Анықталғандай, қайғылы оқиғаның құрбаны облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны екен, деп мәлімдеді Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметі.