Таразда Даңқ мемориалына, Мәңгілік алауға, Бауыржан Момышұлы пен Ағаділ Суханбаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар өтті.
None
None

Мамырдың 9-ы күні таңертең облыс жұртшылығы Даңқ мемориалына, Мәңгілік алауға, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының және жау пулеметін кеудесімен жауып, Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Ағаділ Суханбаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Бір минуттық үнсіздік жарияланып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар еске алынды.

«Достық» орталық алаңында әскери парад өтіп, оған Жамбыл облысында орналасқан барлық әскер тектері қатысты, Ұлы Отан соғысының тарихынан театрландырылған қойылымдар көрсетілді.

«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бас иеміз! Бүгінде қатарларыңыздың сиреп жатқаны өкінішті... Біз Сіздерге шын жүректен ұзақ ғұмыр және жастарға лайықты үлгі бола берулеріңізге тілектеспіз», - деді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар