Таразда ет өңдейтін зауыт құрылысы жобасы жүзеге асырылуда

ТАРАЗ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипкина/ - «Оңтүстік» ӘКҚ» ҰК» АҚ қолдауымен Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеу жөніндегі инвестициялық жобалар жүзеге асырыла бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жүзеге асырыла бастаған жобалардың бірі ? жалпы құны 390 млн. теңге болатын Тараздағы ет өңдеу зауытының құрылысы. Бүгінгі күнге дейін екінші деңгейдегі банктер есебінен 120 млн. теңге игерілді. Кәсіпорын ет өңдейтін қондырғылар сатып алды, қазір цехтар қайта жаңғыртылуда. Жоба бойынша қосымша жартылай фабрикаттар, жеңсік тағамдар, шұжық пен қалбырланған ет өнімдері дайындалады. Тараздағы ет өңдеу зауыты іске қосылса, 140 жаңа жұмыс орындары ашылады. Кәсіпорын 2009 жылдың соңында ашылады деп жоспарлануда.«Оңтүстік» корпорациясына жобаларды қаржыландыру туралы барлығы 4,7 млрд. теңгенің өтініштері түсті.
Соңғы жаңалықтар