Таразда Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды

ТАРАЗ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Таразда Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды, деп хабарланды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Өңір басшысы Қанат Бозымбаев 2011 жылғы 28 шілдеде салынып басталған жаңа оқу орнының салтанатты ашылуына қатысты. Нысанның жобалық құны 2,9 млрд теңгені құрады.

Мектеп 720 адамға шамаланған. 120 орындық жатақханасы да бар. Онда шалғай аудандардан келген балалар тұрып оқи алады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум