Таразда футболдан VII республикалық турнир өтуде

ТАРАЗ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Таразда 1998-1999 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында VII республикалық футбол турнирі өтуде,
None
None

деп хабарлады Жамбыл облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 16 команда қатысуда. Жамбыл облысының атынан Меркі ауданының командасы өнер көрсетуде.

Ойындар қаладағы «Пищевик» және «Ұлан» стадиондарында өтуде. Ақтық сын 10 мамырға межеленген.

Республикалық турнир жеңімпазы Азиялық турнирге жолдама алатын болады. Есте болса, өткен жылы жеңімпаз болған Алматы облысының командасы Қазақстан атынан Испанияда өткен турнирге барып қайтқан болатын.

Биылғы қазақстандық жасөспірімдер турнирінің бас демеушісі - Coca Cola компаниясы. Футбол сайысын Қазақстан футбол федерациясы мен Жамбыл облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастыруда.

Соңғы жаңалықтар