Таразда қасиетті құрбан айт мерекесі ұлттық дәстүр негізінде өтті

АСТАНА.ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде облыс тұрғындарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Кеше қасиетті мерекеде облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев барша мұсылман қауымын Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Өз сөзінде барлығымызға бейбітшілік, жақсылық және отбасымызға амандық тілей келе, өзара діни және конфессионалдық татулықтың маңызын атап өтті. Мұсылман қауымы мерекелік айт намазынан соң, мешіт алаңындағы арнайы жерде «құрбан шалу» жорасын жасауға шықты. Алғашқы «құрбан шалуды» облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев бастады. Бұл жылы қасиетті мереке ұлттық дәстүр негізінде өткізілді. Осы күні орталық медресе жанына киіз үй тігіліп, сахна мен балаларға арналған ойын-сауық алаңқайлары орнатылды және сахналық қойылымдар қойылып, спорттық жарыстар (күрес, қол күрес, арқан тарту, асық ату, гір көтеру) өткізілді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар дайындалды. Сонымен қатар қонақтарға тегін тәтті таратылды. Тараз қаласында бірнеше қайырымдылық іс-шаралары өтті. Сондай-ақ Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті мерекелік дастарқан жайды және тұрмысы төмен отбасыларға көмектесті.

Соңғы жаңалықтар