Таразда қазақстандық 3D-фильмдер түсіріледі

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда таяу уақыттарда 3D форматындағы фильмдерді түсіретін киностудия пайда болады, деп хабарлады Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
None
None

«Тараздан республикалық «Бизнес-серпін» байқауының финалистері Нұрсұлтан Сәрсенов пен Фатима Қаймекина өздерінің «3D киностудиясы» стартап-жобасын іске асыру үшін инвесторлар тапты, - деді Жамбыл облысы КП баспасөз хатшысы Анастасия Толстихина. - Байқау барысында олар тәжірибелі бизнесмендерден бизнес құру бойынша оқытудан өтті».

Жамбыл облысы КП баспасөз мәслихатында Нұрсұлтан Сәрсенов кино индустриясымен айналысып жүргеніне алты жыл болғанын айтты. Бейнетүсірілім, монтаждаумен әуестенетін ол салтанатты шараларды түсірумен шұғылданған. Кейіннен облыстық кино орталығында жұмыс істеген.

«Бүгіне барлық қалаларда 3D-кинотеатрлары бар, көптеген үйлерде 3D форматындағы теледидарлар орнатылған. Біздің осы форматта қазақстандық киноларды көре алмай отырғанымыз өкінішті. Бұл студия жұмысын қазақстандық тарихи фильм түсіруден бастасақ деймін», - деді Н.Сәрсенов.

«Бизнес-серпін» байқауының финалистері Н.Сәрсенов пен Ф.Қаймекинаның құны 1,5 млн. теңге тұратын жеке жабдықтары бар. Енді 3D-форматында түсіру үшін арнайы бейнекамера, аппаратура керек. Осылайша оларға бұл байқау армандарын шындыққа айналдыруға мүмкіндік бере білді», - деп атап өтті А.Толстихина.

Еске салсақ, Қазақстанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Зумрад» корпорациясы, сондай-ақ «Design Services by A-Z» компаниясы ұйымдастырған «Бизнес-серпін» стартап-жобаларының байқауы аяқталды. Байқау нәтижесі бойынша жүлдегерлер ішінде бизнесті жаңадан бастаған жамбылдық кәсіпкерлердің екі жобасы болды.

Соңғы жаңалықтар